Украина президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баруға дайындалып жатыр. 30 шілдеге жоспарланған сапар туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл Зеленскийдің Украина президенті ретінде Құрама Штаттарға жасаған екінші сапары. Бұдан бұрын Зеленский АҚШ-қа президент Трамп тұсында сапарлай барған болатын. Кезекті сапар президент Байденнің ұсыныс етуімен жасалғалы отыр.
Ақ үй баспасөз қызметінің жазбаша мәлімдемесінде айтылуынша, 30 шілдеде басталатын сапар, үш күнге жалғасады. «Бұл кездесу Ресейдің Донбасс пен Луганск және Қырымға бағытталған агрессиясы жалғасып жатқан тұста Америка Құрама Штаттары Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын қолдайтынын тағы бір рет әйгілейді», – деген Ақ үй мәлімдемесінде.
Байден мен Зеленский арасындағы кездесуде энергетика қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылайды деп күтілуде. Сондай-ақ, Зеленский Байденді жемқорлық пен күрес және ортақ демократиялық құндылықтар негізіндегі реформаларға қолдау көрсетуге шақырады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі