Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» ұйымының өкілдері елдің ортақ мүддесін қорғау мақсатындағы келісімге келу үшін Катардың орталығы Дохада кездесті. Тараптар ортақ шешімді тезірек табуға тырысатынын мәлімдеді.
«әл-Жазира» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, келіссөз екі күнге жалғасқан. Екінші күнінде тараптар ортақ пікір табысып, кейбір мәселелер жөнінде келісімдерге қол қойған. Хабарда келісім тармақтары туралы анық әрі толық мәлімет жоқ, дегенмен Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» бұл жолы әділетті шешім жөніндегі келіссөздерді тездету бойынша тіл табыса алғаны мәлім.
Бұған қоса, Ауғанстан мүддесін қорғайтын келісімнің болуы туралы Кабулдың ресми билігі мен тәліптердің ойы бір жерден шыққан. Соның өзінде қос тараптың түбегейлі бітімгершілік жасасуынан үміт аз. «Талибан» қозғалысы болса күн сайын ықпал ету аймағын кеңейтіп, үкімет күштеріне қарсы шабуылын тоқтатпады. Құрбан айт мерекесіне қарамастан Кабулда үкімет күштеріне қарсы шабуыл толастамады.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?