АҚШ Мемлекеттік департаменті 12 шілде күні «Геноцид пен қатігездіктің алдын алу» туралы жылдық есебін жария етті. Мемлекеттік хатшы Антони Блинкен жария еткен есепте Мьянма, Қытай, Эфиопия, Ирак, Сирия және Оңтүстік Судан сияқты алты елде жалғасып жатқан геноцид пен зұлымдықты сынға алған. Әрі бұл есеп Құрама Штаттардың осы зұлымдық әрекеттерді тоқтату үшін қаржылық, дипломатиялық және өзге де амалдарды қалай қолданатынын көрсеткен.
«Билғы есепте алғаш рет Мьянма, Эфиопия, Қытай, Сирия сияқты елдер нақты аталып, онда болған зұлымдықтар тікелей егжей-тегжейлі сипатталды. Бұл аталған елдерге біздің күн тәртібіміздегі ең қатал сыртқы саясаи міндеттер бағытталады», – деді АҚШ-тың қазіргі бас дипломаты Блинкен. Ол сондай-ақ есепте көрсетілгендей дипломатиялық, қаржылық және басқа шараларды қалай қолданатындарын түсіндірген.
Биыл қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын «геноцид және адамзатқа қарсы қылмыс» деп бағалаған болатын. АҚШ Мемлекеттік департаменті қазір де мұсылман азшылықтарын ұстау немесе оларға қиянат жасау үшін жауапты деп саналатын қытайлық шенеуніктерге визалық шектеуді жалғастыруда.
Бұдан тыс, Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ, Британия және Канада адам құқығын бұзуға байланысты қытайлық екі шенеунікке санкция енгізді. Ондаған Қытай компаниясы Шыңжаңдағы адам құқығын бұзғаны үшін америкалық ұйымдардың қара тізіміне енді.