Қазақстан үкіметі Токиода өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 250 мың доллар сыйақы береді. Бұл туралы бүгін, 2 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
Министрдің айтуына қарағанда, жеңімпаз атанған немесе жүлдеге ілінген спортшы жетістігі дәлелденген соң ғана белгіленген сыйақыны ала алады.
«Бұл жолғы Олимпиада жеңіске жеткен спортшыларға, олардың ұстаздарына, бапкерлеріне арналған әрбір спорт түрі бойынша сыйақы беру туралы ережелер қабылданған болатын. Өздеріңіз білесіздер, осы құжат бойынша бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллардан беріледі. Екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орын 75 мың доллар болып азая береді. Әрине, ең алдымен спорт жетістігінің нақты екені дәлелденген кезде бұл сыйақы теленеді. Заңды түрде осылай негізделген» деді журналист сұрағына жауап берген министр.
Токио Олимпидасы 23 шілдеде басталады. Қазақстан құрамасының еншісінде спорттың 27 түрінен 96 жолдама бар.
Қазақстан жазғы Олимпиада ойындарына тәуелсіз ел ретінде сегізінші рет қатысқалы жатыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді