Шілденің соңында Токида өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын екі спортшы көтеріп шығады. Олар: жеңіл атлет Ольга Рыпакова және боксшы Қамшыбек Қоңқабаев. Бұл туралы елдің Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
"Мен Ольга Рыпакованың олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шығатынына қуаныштымын. Себебі Ольганың арқасында көк байрағымыз олимпиада көгінде бір емес, бірнеше рет желбіреді. Қамшыбек Қоңқабаев – қазақстандық спорттың күші мен шеберлігінің үлгісі, Олимпиада шаршы алаңында зор жауапкершілікке ие болған бокс құрамасының капитаны. Екі спортшы да қатарластарының алды, құраманың көшбасшылары және жас буынға үлгі. Қос атлетке және барлық олимпиадалық құрамға сәттілік тілеймін" деді Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев.
Ольга Рыпакова - Олимпиада ойындараның ашылу салтанатында ту көтеріп шыққалы тұрған алғашқы әйел спортшы. Қазақстан құрамасы бұған дейін қатысқан 7 Олимпиада ойынында да туды ер спортшылар ұстап шыққан. Бұдан бөлек, Қазақсан тарихында бір Олимпиада ту көтеруші ретінде екі спортшы ешқашан таңдалған емес.
36 жастағы Ольга Рыпакова бұған үш Олимпиадаға қатысқан. Үшеуінде жүлдеге ілінді. Ол 2008 жылы Бейжіңде күміс, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылы Риода қола медаль жеңіп алды.
Қамшыбек Қоңқабаев - бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының капитаны. Ол Азия чемпионатының үш дүркін және әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері. Олимпиадағы алғаш рет қатысқалы тұр.
Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеде өтеді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі