Жексенбіде АҚШ әскери күштері Сүрия мен Ирак жерінде террорлық топтарға қарсы әскери операция жүргізді. Пентагон таратқан мәліметте бұл террорлық топтар АҚШ-қа тиесілі нысандарға ұшқышсыз ұшу құрылғылары арқылы шабуыл жасағаны, әрі оларға Иран қолдау көрсететіні айтылған.
Құқық қорғау ұйымдарының Сүриядан таратқан хабарларда АҚШ әскери операциясы Сүрияның шығысы мен Ирак шекарасына жақын маңда жасалғаны айтылған. Мәліметке қарағанда кемінде бес содыр қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Ал, Сүрияның ресми ақпарат агенттігі АҚШ шабуылынан бір бала қаза тапқанын, 3 адам жарақат алғанын хабарлаған.
Пентагон әскери операция арқылы террорлық топтардың қару-жарақ қоймалары талқандағанын мәлмдеді. Бұлардың екеуі Сүрия жерінде, біреуі Ирак территориясында.
Бұл Жо Байден билікке келгеннен бері Сүрия мен Ирак жеріндегі Иран қолдауындағы террорлық топтарға қарсы екінші рет әскери соққы жасауға бұйрық беруі. Соңғы айларда Ирак жеріндегі америкалық әскери қызметкерлерге және әскери базаларға көбірек шабуыл жасалды. Уашингтон бұл шабуылдардың артында Иран тұр деп мәлімдеген еді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес