Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Таулы Қарабақтағы ахуал жөнінде сөйлесті.
Ресми Кремль жариялаған хабарламада: «Таулы Қарабақ бойынша пікір алмасу кезінде Ресей, Армения және Әзірбайжан басшыларының 2020 жылғы 9 қарашадағы және осы жылғы 11 қаңтардағы келісімдер талқыланды. Ресей тарапы аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саясатын жалғастырады» – делінген.
Халықаралық қауымдастықтар Таулы Қарабақты Әзербайжан бөлігі деп санайды. Бірақ 1990 жылдардан бастап бұл аймақты этникалық армяндар бақылай бастаған. Былтыр қыркүйектің соңында аймақта жағдай қайта ушығып, алты аптаға созылған соғыстың нәтижесінде екі жақтан барлығы 6 мыңнан астам адам мерт болды. Қарашада Ресейдің араағайындық етуімен тараптар арасында ортақ келісім жасалып, атыс тоқтады.
Келісімге сәйкес, Таулы Қарабақтың бір бөлігі мен жеті аудан Әзербайжан жағына қайтарылды. Осы жағдайдан кейін Армения оппозициясы шеруге шығып, үкіметті таратуды талап етті. Наразылықтан соң ел премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетіп, елде кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті