Нұржан Әлтаев өзі жетекшілік ететін «Ел Тірегі» партиясын тіркету мақсатында Әділет министрлігіне жетінші мәрте өтініш беріп, талпынып жатқаны жөнінде мәлімдеді. Ол билік «бұл жолы да Конституцияны бұзып, тіркеуден бас тартқан жағдайда» жақтастарын алаңға шақырмақ.
«Егер Үкімет... біз ұсынған мәліметтерді бұрмалап, тізімде қайтыс болғандар бар немесе ЖСН сәйкес келмейді деген жалалы желеумен жарамсызға шығарса, онда қатары аз емес жақтастарымызды алаңға шығып, қатаң талап білдіретін боламыз. Митингке рұқсат етілсе де, етілмесе де, талап алаңда айтылады», – деді партияның Ұлттық мүддені қорғауға арналған төртінші кеңес отырысында.
Оның айтуынша, партия бастамашыл тобы былтырғы 26 қарашадан бері Әділет министрлігіне тіркеуге бас-аяғы жеті рет өтініш берген. Алтауынан бас тартқан ведомство бірер күн бұрын табысталған өтінімге әлі жауап бере қойған жоқ.
«Менің билікке айтар басты ескертуім – не қазір Конституция негізінде әрекет етіп тіркесін, не салдары ушығатын болады. Ертең ешкім мұның қалай демесін. Біз әрекеттенгенде тосыннан болды деп ренжімесін», – деді ол.
Әлтаев Ұлттық мүддені қорғау кеңес мүшелерін, сондай-ақ қоғам қайраткері Болатбек Біләлов, ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов, тіркелмеген Демпартия көшбасшысы Жанболат Мамай мен «Алаш» партияларының жетекшілігін осы бастамаға қосылуға шақырды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы