АҚШ үкіметі әлемді дүрліктіріп, «әне атты, міне ататын болды» деп даурыққан Солтүстік Кореяның алтыншы реткі ядролық сынағы, Пентагон болжаған уақытта болмай қалды. Алайда, Солтүстік Корея мәселесінде Трамп үкіметі Оңтүстік Корея мен Қытайға қарата қысымын одан ары арттырып отыр. Ақ үй Солтүстік Корея қауіпі жаңа деңгейге жетті, біз оған қарсы тұру үшін де тың көзқарас орнатуымыз керек деген жаңа ұран көтерді.
Уашингтон тарабы Сол.Корея мәселесінде әлемдік әскери әрекеттерден басқа жолмен шешуді Қытай билігінің мойнына артып отыр. Мақсат – Корей түбегі мәселесін шешуде Қытай салмағын арттыру деп көрсетті. Оның тағы бір мәні Корей түбегіндегі туылуы мүмкін соғыстың тарихи жауапкершілігін бөлісу.
Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі H.R. McMaster «ABC News» арнасының «Осы апта» (This Week) бағдарламасында аталған мәселе туралы өз көзқарасын білдірді. Оның ойынша АҚШ үкіметі мен оның өңірдегі одақтастары (бұрынғы Оң.Корея, Жапония, кейінгі кезде ортақтасуға иланған Қытай) үшін, түбек жағдайы қыл үстінде тұр деуге болады. «Анығын айту керек, қазір тараптар әскери іс-қимылдан өзге қандай да бір өнімді шешу жолы табыла қалса, қуана келісім бергелі тұр», – дейді Ақ үй кеңесшісі,
АҚШ пен Сол.Корея арасында қарулы күшпен жауаптасуға аз-ақ қалған да, Ақ үй жоғары лауазымдылары кенеттен босай қалды. Бұл олардың жексенбі күні жариялаған пікірлерінен байқалды. Мысал ретінде АҚШ президентінің өткен аптадағы сөздерін алуға болады. Аптаның бас шенінде: «Егер Қытай Сол.Корея ісінде қолдаушылық танытпаса, онда АҚШ қарулы күш қолданатын болады», – деп айбарланған Трамп, жексенбі күні Twitter парақшасына: «АҚШ әлі де болса сабырлықпен күтуге бар», – деп жазған болатын.
“The Qazaq Times”