Қырғызстан мен Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитет жетекшілері шекара мәселесін тұрақтандыру бойынша келісімге келді. Нәтижесі бойынша шекарадағы қосымша әскери күштер кері шегіндіріледі.
Өткен аптада қырғыз бен тәжік елдерінің арасында шекара мәселесі қайта шиеленісіп, қақтығыстың қайта өршу қаупі күшейген болатын. Жұма күні Бішкек тарап мәлімдеме жасап анықталмаған шекара маңына қарулы күш топтап, арандату әрекетіне барды деп көршісін айыптаған еді.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекеттік комитеттің жетекшісі Қамшыбек Ташиев өткен сенбідегі сөйлесулердің біршама нәтижелі болғанын мәлімдеді. Бұған дейін келіссөздер нәтиже бермегендіктен қырғыз тарап шекараға жақын ауыл тұрғындарын эвакуациялаған болатын. Бұдан екі ел ортасында шекара жанжалы қайта өршіп кете ме деген қауіптенулер болып еді.
Ташиев жасаған мәлімдемеге қарағанда, тараптар 8 тармақтан тұратын келісімге қол қойысқан. Ол бойынша шекара тек шекара қарауылдары ғана қалып, қосымша әскери күштері шегіндіріледі. Сенбіден бастап эвакуацияланған шекара маңындағы ауыл тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?