Ресей мен Беларусь биыл қыркүйекте өтетін «Батыс-2021» әскери оқу-жаттығуына қарқынды дайындалып жатыр.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәліметінше, бірлескен әскери шара екі елдің полигондарында жүреді. Алдағы апталарда 4 мың әскери оқу-жаттығу өткізілмек.
Өз кезегінде Беларусь президенті Александр Лукашенко НАТО тарапынан белсенділік артып, қатер төнсе Ресей әскері ел аумағына жылдам келеді деп ескертті. Ол мұндай мәлімдемені Сочиде Ресей басшысымен кездесуден кейін жасады. Ресеймен тұтас бірігіп кетпейтінін де еске салған Лукашенко «Егер НАТО тарапынан белсенділік артып, қақтығыс туындайтындай жағдай болса, Ресей әскері ел аумағына бір күннің ішінде жетеді. Оған қажетті әуежайлар мен базалар бегіленіп қойған» – деді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы