 
                                    Беларусь әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдаған Украинаға наразылық нотасын жолдады.
Осы аптада Украина Литва, Ұлыбритания және Франциядан кейін Беларусьпен әуе қатынасын тоқтататынын хабарлады. Шешім 26 мамырдан бастап күшіне енеді. Украинадағы Беларусь елшілігі Киевтің республикамен әуе қатынасына тыйым салу туралы шешімін абсурд деп санайды.
Бұған дейін Франция Беларусьтің «Белавиа» мемлекеттік авиакомпаниясының елге ұшуға рұқсатын қайтарып алған болатын. «Белавиа» үш елге – Ұлыбритания, Франция және Литваға рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлады.
Сонымен бірге австриялық Austrian Airlines, Finnair, Францияның Air France, скандинавиялық SAS, кипрлік Avia Solutions, Польшаның LOT, Венгрияның Wizzair, Германияның Lufthansa, голландиялық KLM және латвиялық AirBaltic, сингапурлық Singapore Airlines және басқа да әлемдік авиакомпаниялар да ұшуды тоқтатты.
Кеше Еуропалық Одақ саммитінде оның басшылары Беларусь авиакомпанияларына еуропалық әуежайларға қонуға тыйым салып, ел аумағының үстінен ұшуды тоқтатқан. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты санкциялар енгізді.
23 мамырда Ryanair әуе компаниясының Грекиядан Литваға бара жатқан рейсі кенеттен бағытын өзгертіп, Минскіге қонуға мәжбүр болды. Беларусь билігі арнайы әскери ұшақ жіберіп, рейсте бомба болуы мүмкін деп хабарлап, ұшақты Минскіге бұрған. Борттан бомба табылмады, есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық журналист, NEXTA Live телеграм каналын құрушылардың бірі Роман Протасевичті тұтқындады. Бұл халықаралық дәрежеде дау туғызды.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді