Бүгін, 21 мамырда қазақстандық танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Бұл ақпаратты "Қазақфильм" киностудиясы хабарлады.
Киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған.
"Бүгін 56 жасында белгілі қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды. Актердің туыстарының айтуынша, өлімге инфаркт себеп болған. "Қазақфильм" киностудиясының ұжымы Фархат Нұрсұлтанұлының отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Бұл бүкіл қазақстандық кино үшін үлкен қаза. Актермен қоштасу күні мен орны кейінірек хабарланады" делінген "Қазақфильм" хабарламасында.
Актер Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Ол Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін "инженер-технолог" мамандығы бойынша бітірген тәмамдаған. Актер 20-дан аса фильмде ойнаған. Көпшілікке "Фара", "Сказ о розовом зайце", "Рэкетир-2", "Возвращение в А" фильдері арқылы танылған.

















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?