АҚШ президенті Жо Байден Ресейдің "Солтүстік ағыс-2" жобасына салынатын санкцияны қабылдамай тастады. Бұл туралы америкалық Axios ақпарат агенттігі өзінің маңызды ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлаған.
Агенттік хабарына қарағанда Уашингтон бұл шешімді Германиямен қарым-қатынасын бұзып алмау үшін қабылдаған. Ресейдің "Солтүстік ағыс-2" жобасы көгілдір отынды Германияға жеткізуді көздейді.
Бұған дейін жобаға қатысатын барлық компаниялар АҚШ санкциясына ілінетіні белгілі болған. Алайда, жаңа шешім бойынша АҚШ санкциясы тек Ресейдің ресми орындарына бағытталып кетті.
Ресей үшін аса маңызды болған жоба қазірге дейін 95 пайызға жуық орындалып болған. Сарапшылар Байденнің жаңа шешімі күтпеген жағдай деп бағаласуда. Ресейлік сот пен өзге ресми орындарға бағытталған санкция жобаның іске асуына кедергі келтірмейді.
Тәуелсіз сарапшылар бұның артында беймәлім келісісдер болуы да мүмкін деп болжайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау