7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке.

Бүгін – Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Қарулы күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін! Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Бейбіт таңдарымыз таусылмасын!

"The Qazaq Times"