Параламенттің жоғарғы палатасы сенат жер қатынастары туралы даулы заң жобасына екі түзету енгізіп, мәжіліске қайтарды. Бұл жайлы бүгін, 29 сәуірде белгілі болды.
Бейсенбі күні сенат жобаны бірінші оқылымда мақұлдап, екінші оқылымға кіріскен. Сол кезде сенат депутаты Әбдәлі Нұрәлиев сенаттың тұрақты комитеттері мен жекелеген сенат депутатарынан заң жобасына қатысты екі ұсыныс түскенін айтып, әріптестерін соны қолдауға шақырды.
"Аталған ұсыныстар бойынша жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ заңды тұлғаларына беру туралы тиісті өзгеріспен толықтыруды жер кодексінің 48 және 128 бабына енгізу ұсынылып отыр. Заң жобасы ҚР Конституциясына және қолданыстағы заңдарына сәйкес келеді" деді сенат депутаты.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»деп аталған құжатты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашы болуымен дайындалған. Наурыз айының ортасында мәжіліске түскен бұл құжатта шетелдіктерге орман өсіру үшін жер беруді көздейтін бап болған жоқ. Оны мәжілістегі осы заң жобасының жұмыс тобы енгізген. Қоғамда заң жобасының дәл осы тармағына қатысты шу болып, елдің кей қалаларында наразылық шаралары өткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді