АҚШ теңіз күштерінің екі кемесі Араб теңізінің солтүстігіндегі халықаралық су жолында ирандық үш шабуылшы кемеге ұшрасқан. АҚШ кемесі Иран шабуылшы кемелерін алыстату үшін оқ атып ескерту жасаған. Бұл туралы АҚШ Бесінші флоты сейсенбі күні мәлімдеме жасады.
АҚШ әскерилерінің мәліметіне қарағанда Иран Революция сақшылары Әскери-теңіз күштеріне тиесілі шабуылшы қайықтар радио және өзге де ескерту сигналдарын елемеген. АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Firebolt патрульдік қайығы мен Жағалау күзетінің Baranoff патрульдік кемесінен 62 метр қашықтықта жүзіп өткен.
Бесінші флоттың ресми мәлімдемесінде Иран теңіз күштерінің әрекетін айыптаған. Олар алғашқы ескертулерді елемеді және АҚШ кемелеріне соқытғысу қаупі болды дегенді айтады. «АҚШ агрессор емес, алайда біздің армия қажет болған жағдайда тиісті қорғану шараларын жасаудың нақты дайындығынан өткен», – делінген мәлімдемеде.
Бұл бір ай ішінде АҚШ пен Иран кемелерінің екінші мәрте кездесіп қалуы. Сондай-ақ, бұл Иранмен ядролық келісімді қайта қарау бойынша келіссөздер жүріп жатқан және АҚШ-Иран қатынасының болашағы дүдәмал тұрған кезде болып отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау