Алматыда Мамай жақтастары «Жер шетелдіктерге сатылмасын!» ұранымен митинг өткізіп жатыр. Митинг белгіленген Шоқан Уәлиханов алаңын полиция қоршауға алып, интернет бұғатталды.
Оқиға орнындағы тілшілеріміздің хабарлауынша, алаңға шамамен жүз елуге тарта адам жиналған. Алаң маңына жедел жәрдем көліктері мен автобустар қойылған. Көшелер жабылып, полицияның қатаң қадағалауына қарамастан, шеруге жиналғандар саны арта бастады. Біраз уақыттан кейін Достық көшесіне қарай бет алған шерушілерді арнайы жасақ өкілдері қоршауға алып, жолды тұтастай жауып тастады. Наразылар егер жер туралы заң қабылданса, аштық жарияламақ.
Жанболат Мамай бастаған Қазақстанның демократиялық партиясын құру бастама топ өкілдері шетелдіктерге орман шаруашылығы үшін ұзақ жылға жер беруге мүмкіндік беретін парламентте жатқан жер қатынастары туралы заң жобасына қарсылық білдіретінін айтқан. Аталған топ бұған қоса, Қазақстанда қытайлық 56 зауыт құрылысын тоқтатуды талап етіп жатыр.
Кеше Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі департаменті қазір қаланың коронавирус бойынша «қызыл аймақта» тұрғанын алға тартып, қоғамдық шара өткізуге тыйым салынғанын ескерткен. Ал Жанболат Мамай бұл ескерту «жер үшін өтетін митингіні тоқтатуға себеп бола алмайды» деді.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті