Аустралия Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасынан түбегейлі бас тартқанын мәлімдеді. Іле-шала Байден үкіметі Қытайға қарсы өз одақтастарымен бірлесе жұмыс істейтінін айтты.
Аустралия СІМ басшысы Пейн ханым сәрсенбіде Аустралия Федералды үкіметі Қытаймен 2018 және 2019 жылдары Викторияда жасасқан «Бір белдеу, бір жол» жобалары бойынша келісімдерін тоқтатқанын мәлімдеді. Пейн ханымның айтуынша, бұл екі келісім былтыр Аустралия парламенті қабылдаған «Халықаралық қатынастар туралы» жаңа заңға сәйкес келмейді.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Аустралияның бұл қадамын еларалық келісімді құрметтемеу деп айыптады және қатаң сынға алды.
Сәрсенбіде Ақ үйдің ресми өкілі одақтастарының шешімін қолдап мәлімдеме жасады. «Әрине, Қытайға қатысты мәселелер біздің одақтастарымыз және халықаралық қауымдастықтағы үйлестіру мен ынтымақтастық істеріне қиындықтар әкеледі», – деген Ақ үй баспасөз өкілі.
«Бір белдеу, бір жол» жобасынан Аустралияның түбегейлі бас тартуы бұл жобадан бас тартатын елдердің қатарын молайтуы мүмкін. Бұған Қытай мен Батыс елдері арасындағы қайшылықтың тікелей әсері бар.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі