Еуропадағы Дәрі-дәрмектер жөніндегі агенттік Johnson & Johnson вакцинасын қауіпсіз деп мәлімдеді.
Аталған агенттіктің атқарушы директоры Эмер Кук: «Johnson & Johnson вакцинасының артықшылығы тромбтарды түзілу қаупінен басым болып тұр. Препараттың қағазында бұл туралы арнайы ескерту және денсаулық сақтау жүйесінің мамандары үшін ақпарат беріледі. Көп жағдайда аталған вакцина коронавирус салдарынан ауруханаға түсуден және қайтыс болудан қорғай алады», – дейді. Бұл хабардан кейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен «Еуроодақта вакциналау науқанын іске асыру үшін жақсы жаңалық» екенін айтты.
14 сәуірде АҚШ-та Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы мен Ауруларды бақылау орталығы Johnson & Johnson компаниясының вакцинасын қолдануды тоқтатуды ұсынған. Себебі аталған екпені қабылдаған 6 адамда қанның ұюы тіркеліп, біреуі көз жұмған.
Қаңтарда Бельгиялық Janssen (Johnson & Johnson брендіне тиесілі) компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы екпесінің бір дозасы сынақ кезінде 66% тиімділік көрсеткен. Компания биыл бір миллиард доза шығаруды жоспарлаған. Сынақ нәтижесі анықталғаннан кейін АҚШ бұл компанияға алдын ала 100 миллион дозаға, Канада 38 миллион дозаға, Ұлыбритания 30 миллион дозаға тапсырыс берген.
Бұған дейін Еуропа елдері AstraZeneca екпесін де сатып алудан бас тартқан. Себебі «препараттың қан айналымын нашарлатып, тромбылардың түзілуіне ықпал етеді» деген болжамдар айтылды. Канадада аталған екпені 55 жастан асқандарға салуға тыйым салынды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті