Ақ үйдің ресми мәлімдемесіне қарағанда Жо Байден Германия канцлері Ангела Меркельге қоңырау шалып, Украина-Ресей арасындағы қауіпті талқылаған.

Германия мен Құрама Штаттардың жетекшілері Ресейдің Қырым мен Украинаның шығыс шекараларыда әскерлерімен қатар әскери техникаларын топтастырып жатқанына алаңдаушылық білдірген. Сөйлесу барысында Байден мен Меркель ханым Украинаның тұтастығын, қауіпсіздігін қорғауға күш салуға тағы бір рет сөз пісірген.

Ресми мәлімдемеде, екі ел басшылары Ресей тақырыбынан тыс індетке қарсы күрес және денсаулық сақтау саласының жаһандық дамуы туралы да әңгіме өрбіткен.

Германия Құрама Штаттар мен НАТО күштеріне Шығыс Еуропа мен тұтас трансатлантикалық қауіпсіздік ұйымына мүше елдердің қауіпсіздігін қорғауға қолдау көрсететінін, соған қоса Уашингтонның Ауғанстаннан әскер шегіндіру шешіміне де оң көзімен қарайтынын айтыпты.

“The Qazaq Times”