АҚШ-та Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы мен Ауруларды бақылау орталығы Johnson & Johnson компаниясының вакцинасын қолдануды тоқтатуды ұсынды. Аталған екпені қабылдаған 6 адамда қанның ұюы тіркеліп, біреуі көз жұмған. Осы мәселеге байланысты бүгін Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының Иммундау тәжірибесі жөніндегі комитеті шұғыл отырыс өткізеді.
Бірақ қанның ұюы нақты неден болғаны әзірге дәлелденген жоқ. АҚШ-та қазірге дейін тұрғындарға осы вакцинаның 6,8 миллион дозасы салынған.
Қаңтарда Бельгиялық Janssen (Johnson & Johnson брендіне тиесілі) компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы екпесінің бір дозасы сынақ кезінде 66% тиімділік көрсеткен. Компания биыл бір миллиард доза шығаруды жоспарлаған. Сынақ нәтижесі анықталғаннан кейін АҚШ бұл компанияға алдын ала 100 миллион дозаға, Канада 38 миллион дозаға, Ұлыбритания 30 миллион дозаға тапсырыс берген.
Бұған дейін Еуропа елдері AstraZeneca екпесін де сатып алудан бас тартқан. Себебі «препараттың қан айналымын нашарлатып, тромбылардың түзілуіне ықпал етеді» деген болжамдар айтылды. Канадада аталған екпені 55 жастан асқандарға салуға тыйым салынды.
Әлемде Janssen мен Novavax екпесі үшінші сынақ кезеңінен өтіп, нәтижесін ресми түрде жариялаған бес вакцинаның қатарына енген. Бұған дейін Pfizer/BioNTech (АҚШ/Германия), Moderna (АҚШ), Oxford/AstraZeneca (Ұлыбритания) екпелері сынақ кезінде жоғары тиімділік көрсеткен. Үш екпе де әлемнің біраз елінде мақұлданды. Ресейлік Спутник-V екпесі де бірнеше мемлекетте мақұлданды.
Pfizer/BioNTech екпесі мен Moderna вакцинасының тиімділігі 95% деп хабарланды. Ал Oxford/AstraZeneca вакцинасының тиімділігі 62-90% деп жарияланды.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?