11 сәуірде Қырғызстанда жергілікті билік органдарына сайлау және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтеді. Саяси шараны 31 мемлекеттің бақылаушылары қадағалайды.

Қазір Орталық сайлау комитетінде 31 мемлекеттің 183 халықаралық бақылаушысы аккредиттелген. Бақылаушылар Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Қазақстан, Македония, Молдова, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Жапония және басқа да елдерден келеді.

«ШЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД, Ханнс Зайдель қоры, сондай-ақ Еуроодақтың республикадағы өкілдігі, Ресейдің коммерциялық емес мониторингтік-сараптамалық орталығы және халықаралық ілгерілету орталығы, Ұлттық бастамаларды халықаралық ілгерілетуге жәрдемдесу қоры сияқты бірнеше халықаралық ұйымдардың өкілдері сайлау мен референдумға аккредиттелген», – деп толықтырды ОСК.

Жалпы алғанда Қырғызстанның 420 қалалық және ауылдық кеңестерінде 7 560 мандатқа 18 772 кандидат үміткер бар. 63 кандидатты саяси партиялар тіркеген.

Жергілікті сайлаумен бір күнде өтетін референдумда президенттің өкілеттігін күшейтуді көздейтін Конституцияға түзетулер де талқыланады. Атап айтқанда, премьер-министрдің міндетін президент әкімшілігінің басшысына жүктеу ұсынылады. Конституция қабылданған жағдайда жоғары заң шығарушы орган депутаттарының саны қысқартылатын болады, олардың бір бөлігі бір мандатты округтерде сайланады.

Осы уақытқа дейін сайлау тек партиялық тізімдер бойынша өткізілді. Конституцияға өзгерістер енгізу туралы шешім Қырғызстанда 2021 жылы 10 қаңтарда өткен референдум барысында қабылданған.

"The Qazaq Times"