Армения парламенті екінші оқылымда сайлау кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады, оған сәйкес республика рейтингтік жүйеден толығымен бас тартып, пропорционалды жүйеге көшеді.
Заң шығарушы спикер Арарат Мирзоянның айтуынша, ұсынысқа 82 адам қолдап дакыс берген. Енді құжат президенттің қол қоюына жіберіледі. Осылайша, 20 маусымға жоспарланған кезектен тыс сайлау жаңа ережелер бойынша өтеді.
Шешімді бекіту үшін кем дегенде 80 дауыс қажет болды. «Гүлденген Армения» партиясы бұл ұсынысқа қарсылық білдіріп, отырысқа бойкот жариялады.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның «Менің қадамым» блогы сайлау өткізгенге дейін сайлау кодексін өзгерту туралы бастама көтерді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес депутаттар пропорционалды және рейтингтік деп аталатын аралас жүйе бойынша сайланатын. Парламенттегі партиялар арасындағы орындар партиялар алған дауыстар санына пропорционалды түрде бөлінеді. Бұл ретте сайлаушылар тек партияларға ғана емес, партиялық тізімдегі жекелеген кандидаттарға да дауыс бере калады. Нәтижесінде сол тізімдегі бәсекелестерге қарағанда көбірек дауыс жинаған адам депутат болады.
Армения парламентінің қазіргі құрамына мандат саны көп «Менің қадамым» блогы, «Гүлденген Армения» және оппозициялық партиялардың фракциялары кіреді. Экс-президент Серж Саргсянның Республикалық партиясы өткен сайлауда жеңіске жете алмады.
Жақында Армения премьер-министрі Никол Пашинян сәуірде отставкаға кететінін жариялады. Пашинян оппозициялық фракция өкілдермен кездескен соң, елдегі кезектен тыс парламент сайлауын 20 маусымға бекіткен. Ал оған дейін Никол Пашинян премьер-министрдің міндетін атқара береді. Жергілікті заң бойынша жазға белгіленген саяси додадан кейін парламент жаңа министрді сайлауы тиіс. Егер екі тур кезінде де үміткерлердің ешбірі қажетті дауыс санын жинай алмаса, парламент өзін өзі таратып жібереді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі