Ресей мен Венесуэла Каракастағы жоғары деңгейдегі үкіметаралық комиссияның кездесуі барысында түрлі салалардағы ынтымақтастық туралы 12 құжатқа қол қойды.
Венесуэла президенті Николас Мадуро: «Қаржы, энергетика, әскери, денсаулық сақтау және азық-түлік салаларында ынтымақтастық орнаттық. Ресей мен Венесуэла әлемдік деңгейдегі алып Еуразиялық держава мен Оңтүстік Американың кішкентай елі арасындағы үздік байланысты көрсетті», – деді. Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы келесі жартыжылдықтың соңына жоспарланған.
Ресей – Венесуэланың негізгі геосаяси одақтасы. Әлем елдері үшін «диктатор басшы» атанған Николас Мадуро мен «агрессиялық саясат» ұстанатын Владимир Путин арасындағы байланыстың нығаюынан Құрама Штаттары, Еуропалық одақ мемлекеттері сезіктене бастаған. Себебі, Венесуэладағы бір жылға созылған дағдарыстың артында қазіргі президент пен Ресей қарым-қатынасының қатысы бар деген тұжырымдар айтылған. Каракаста өткен бірнеше халық толқулары кезінде Мәскеу өз әскерін сол аймаққа жіберген болатын. Мұнымен қатар, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Венесуэла президенті жақын арада Путинмен кездесетінін хабарлады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел