АҚШ әкімшілігі Дүниежүзілік денсаулық ұйымы мен Қытай ғалымдары ұсынған коронавирус туралы баяндаманы «басты мәліметтерді қамтымайтын, көптеген ақпараттар құпия сақталған есеп» деп сынға алды.
Ақ үйдің өкілі Джен Псаки: «Бұл баяндамада ашықтық байқалмайды. Коронавирус туралы басты сұрақтарға жауап таба алмадық. Қытайдағы ДДҰ миссиясына тосқауыл жасалғаны білінеді. Сол себепті біз бұл ресми баяндамадағы мәліметтер шынайылықтан алшақ деп санаймыз», – деді.
Сонымен қатар, Джен Псакидің айтуынша, ДДҰ-ның жаңа есебінде коронавирустың пайда болуы туралы «басты гипотезаға қосымша қолдау жоқ».
Халықаралық сарапшылардың қаңтар-ақпан айларында өткен Қытайдағы миссиясынан кейін COVID-19 вирусының шығу тегі туралы есебі жарияланды. Бірақ, мамандар біржақты қорытындыға келе алмады. Женевада жарияланған баяндамаға сәйкес, олар коронавирус жануардан адамға жұғуы мүмкін дейді. SARS - CoV-2 вирусының Уханьдағы зертханадан шықты деген болжалды сценарийді растаған жоқ.
Ал өзге шетелдік сарапшылар мен сыншылар ДДҰ сарапшыларының Уханьға 27 күндік сапары кезінде Қытай билігі олардың жұмысына бірнеше рет кедергі келтіріп, негізгі мәліметтерді жасырып қалды дейді. Құжат сыншыларының арасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де бар. Блинкен жексенбіде CNN-ге берген сұхбатында: «Баяндамада талданған барлық зерттеу деректерін Қытай ғалымдары ұсынған. Олардың көпшілігі мемлекетке тәуелді және бюджеттік мекемелерде қызмет етеді. Яғни бұл есепті дайындау әдістемесі мен процесіне Бейжің қатысқан сияқты», – деді.
Бұл мәлімдемелен кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі «АҚШ Мемлекеттік департаменті баяндама авторларына саяси қысым жасады» деп айыптады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні