Қазір әлемде коронавирус жұқтыру дерегі бойынша Еуропада антирекорд орнады. Соңғы үш аптада вирус қайта өрши түскен.
Статистика бойынша бір апатада шамамен 20 мыңнан астам адам дерттен көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша британдық штам Еуропаның барлық өңірінде анықталған. Сарапшылар коронавирустың бірінші толқынын жеңіл еңсерген елдердің өзі қиналып қалғанын айтады. Қазір Еуропаның 27 елінде толық немесе жартылай локдаун енгізілген.
ДДСҰ Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге:«Індет Еуропаның орталық, шығысы мен батысында ушығып барады. Жаңа науқастардың саны 9 процентке өсті. Денсаулық сақтау саласына ауыр соққы болып тұр. Кәрі құрлықтың 53 елінің 48-інде британдық штамм тіркелді. Қазір ауруды бақылау қиынға соқты. Вакцинаға сеніп арқаны кеңге салу әлі ерте. Сондықтан босаңсымай, барынша сақтану керек», – дейді.
Британдық штамм деректері көп тіркелген Германия мен Францияда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты үшінші рет локдаун енгізілді. Бірақ Францияда шектеу шарасы дертті жұқтыру көрсеткіші қауіпті деңгейден асқан аймақтарға ғана қатысты.
Локдаун 1 айға созылады. Жаңа тәртіпке сай азық-түлік пен тұрмысқа аса қажетті заттар сататын дүкендер ғана жұмыс істейді. Бір аймақтан екінші аймаққа сапарлауға тыйым салынды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы