АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі жариялаған баяндамада Ресей мен Иранның 2020 жылғы президенттік сайлауға араласқаны айтылған. Баяндама авторларының айтуынша, Ресей Дональд Трамптың қайта сайлану мүмкіндігін арттыру үшін жалған ақпарат таратқан.
Баяндамада Путин Джо Байденнің беделін түсіру туралы бұйрықа бергені жазылған. Сонымен қатар, авторлар: «2020 жылы бірде-бір шетелдік держава Ресейдің сияқты сайлауға әсер ету мақсатында кең ауқымды науқан жүргізуге тырыспады. Ал Ресей демократиялық партияның электрондық поштасына хакерлік шабуыл жасап, әлеуметтік желілерде фейк хабар таратты», – дейді.
Ресейдің 2020 жылы АҚШ-тағы сайлау кампаниясына араласқаны жайлы тұжырымдар 16 наурызда жарық көрген АҚШ ұлттық барлау қызметі жариялаған 15 беттік баяндамада айтылады. Құжатта Трамптың одақтастары Мәскеу мүддесіне сай әрекет етіп, ресейшіл қызметкерлердің Байденді сынауына атсалысқаны жазылған.
Америка барлау қызметінің сарапшылары сонымен бірге Куба, Венесуэла және ливандық радикал топ «Хезболланың» сайлауға араласуға тырысқанын да атап өтеді. Алайда олардың мүмкіндіктері Ресей мен Иранмен салыстыруға келмейді деп санайды. Баяндамада Қытай билігінің де Америкадағы президенттік сайлауға араласпақ болғаны, бірақ бұдан ештеңе шықпағаны жазылған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр