Германияда екі федералдық шттатағы өткен аймақтық сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша канцлер Меркельдің неміс христиан-демократиялық одағы жеңіске жете алмады.
Христиан-демократтар 25% дауыс жинаған. Бұл – саяси ұйым үшін рекордтық төмен көрсеткіш. Әзірге, екі федералдық жерде өткен сайлауда «Жасылдар» партиясы жеңіске жетіп отыр. Аймақтық сайлау нәтижелері күзде өтетін сайлауға әсер етуі мүмкін. Онда христан-демократтар канцлер лауазымына өз үміткерін ұсынуы тиіс. Қазіргі үкімет басшысы Ангела Меркель бұл саяси додаға қатыспайды.
Бақылаушылар бүгінгі дауыс беру арқылы сайлаушылар Германия канцлері Ангела Меркель мен денсаулық сақтау министрі Йенс Спанның пандемия кезіндегі саясатына баға берді деп санайды. Ұзаққа созылған карантин режимі, вакцинациядағы қателіктер, кәсіпкерлерге берілетін жәрдемақылардың кешіктірілуі және басқа да процестердің шамадан тыс бюрократизация салдарынан Меркель партиясына деген сенім азайған. Сондай-ақ депутаттардың маскаларды мемлекеттік сатып алуға байланысты жемқорлық дауы да өз кесірін тигізсе керек.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?