Қырғызстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық дауыс беру 11 сәуірде өтеді. Бұл туралы заң шығарушы органының баспасөз қызметін хабарлады.
Бүгін депутаттар көпшілік дауыспен «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» заң жобасы бойынша референдум тағайындау туралы заңды мақұлдаған. Сол күні елде жергілікті билік органдарына сайлау өткізу жоспарланған.
9 наурыз Қырғызстанда президент Жапаров ұсынған жаңа Конституция жобасына қарсы митинг өтті. Шеруге шыққандар «заңсыз» парламенттің таратылуын талап етті. Бұған дейін халықаралық ұйымдар мен сарапшылар да бұл жобаны сынға алған. Өзгерістер енгізілген конституцияда елдегі сөз еркіндігі мен демократияға қауіп төндіретін бірқатар тармақтар бар. Айталық, заңдық нормада анық бекітілмеген «елдің имандылығына, қырғыздың ұлттық салт-санасына қайшы іс-шараларға шектеу қойылады» деген тармақтар кездеседі. Бұны кейбір қырғыз саясаткерлері билік басындағылардың демократия мен сөз бостандығын шектеуге мақсатында қосқан күмәнді ережелер деп санайды.
Сонымен қатар, жобада президенттің өкілеті едәуір ұлғайған: ол атқару билігіне жетекшілік етіп, министрлер кабинетінің құрамы мен құрылымын анықтайды, президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесін жасақтап, оны басқарады. Егер конституция заңдық күшіне енсе, президент бас прокурор, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, жоғарғы және конституциялық сот, судьяларды да тағайындау құқығына ие. Өз бетінше референдум де белгілей алады. Заң шығару бастамасын көтере алады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді