Роскомнадзор «Кремльге қарсы митингке шақыратын посттар үшін» Ресейдегі Twitter жұмысына шектеу қойды. «Сөз бостандығына қайшы әрекет» деген компания басшылығы Ресейдің бұл қадамын сынға алды.
10 наурызда Роскомнадзор «тыйым салынған жарияланымды жою туралы заңнама талаптарын қасақана бұзғаны үшін» Twitter-дің жұмысын бәсеңдетті. Содан бері ресейліктердің парақшаға кіруі қиындаған. Мұнымен қоса, Роскомнадзор аталған желі талаптарға сай келмесе, Twitter-ді толығымен бұғаттайтынын ескертіп отыр.
Сарапшылар Ресейдің бұл қадамын демократияға қарсы деп санайды. Сонымен қатар, осы шешім АҚШ пен Ресей әлеуметтік желілерінің қарама-қайшылығын күшейтіп отыр. Мәскеудің айтуынша, жасөспірімдерді Кремльге қарсы акцияларға қатысуға шақырған посттарды Twitter өшіруден бас тартқан. Сол себепті Ресей желінің жұмысын бәсеңдетіп отыр. Өз кезегінде Twitter платформа заңсыз әрекеттерді насихаттау үшін пайдаланылатынын үзілді-кесілді жоққа шығарады.
«Біз әлемде ашық ақпараттар мен сөз бостандығын қорғауға дайынбыз және Ресей билігінің желідегі қоғамдық диалогты бұғаттауын айыптаймыз», – делінген компания хабарламасында.
Қытаймен салыстырғанда, бұған дейін Ресей интернетті толық бақылауға ұмтылған жоқ. Бірақ Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың қамауға алынуы мен үкіміне байланысты халықтың билікке деген наразылық көңіл-күйі артқан сайын, Ресей үкіметі қатаң шаралар қолдана бастады.
Қазір Twitter Ресейде балалар мен жасөспірімдерді үкіметке қарсы санкцияланбаған акцияларға қатысуға шақыратын хабарламаларды жоюдан бас тартуына байланысты тергеу басталған 5 әлеуметтік желінің бірі. Егер желіде осы тақырыптағы посттар өшірілмесе, Ресей Twitter -ді толықтай бұғаттайтынын ескертті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы