Гаагадағы халықаралық сот тарабынан Израильдің әскери қылмысы туралы тергеу жүріп жатыр. Тергеу 2014 жылдан бергі Батыс жағалау, Шығыс Иерусалим және Газа секторы секілді Палестинге тиесілі территориялардағы Израильдің соғыс қылмысына тән әрекеттерін қарастыруды қамтиды.
Израиль премьер-министрі Гаагадағы халықаралық сот шешімін антисемизмдік және екіжүзділік шешім деп айыптаған. «Халықаралық сот біздің әлемдегі бірден бір терроршыларға рақымшылық жасамайтын, ер жүрек жауынгерлерімізді соғыс қылмыскері деп көрсетті. Фашистердің еврей халқына қарсы жасаған жан түршігерлік әрекеттерінің қайталануына жол бермеу мақсатында құрылған сот енді еврей мемлекетіне қарсы шығып отыр», – деген Беняминь Нетаняху.
Дегенмен, Палестин автономиясының сыртқы істер министрі Риад Малік бұған қарсы өз уәжін айтқан. Ол сөзінде: «Палестин еліне израильдік басқыншылар тарабынан жүйелі түрде жасалып жатқан және барған сайын кеңейіп келе жатқан қылмыстарын анықтау, оны белсенді түрде айыптау кезек күттірмейді», – деген. Газаны бақылауына алып отырған «Хамас» ұйымы да Гаага сотының шешімін қуаттап мәлімдеме жасады.
Гаага соты тергеу-тексеру барысында Израиль әскерилерінің Газадағы әскери операциялары мен Батыс жағалаудағы әскери нысандарды тексеру нысанасы етуі мүмкін. Сондай-ақ, бір жақты Израиль әскерилеріне ғана емес, көршілес елдердің бейбіт тұрғындарына қауіп төндірген палестиндік құралды күштердің әрекеті де сарапқа салынуы мүмкін.
Мәліметтерге қарағанда, 2014 жылдан бері Израиль армиясының Газадағы Палестинді азат ету ұйымына қарсы ауқымды қарулы әрекеттерінен 2 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. Ал, Израиль тарабынан әскерлер мен бейбіт тұрғындарды қосқанда 70 адам көз жұмған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес