Католиктердің рухани көсемі, Рим папасы Франциск ертең Иракқа сапарламақ. Папа Франциск осылайша Иракқа сапарлай барған тарихтағы тұңғыш Ватикан басшысы болып қалмақ.
Ватиканның мәлімдемесіне қарағанда Рим парасының Ирак сапары 5 наурыздан 8 наурызға дейін жалғасады. Діни орталықтың баспасөз өкілі Маттео Брунидің айтуынша Рим папасы халқының басым көбі шиіттер болған елге алғаш рет сапарлағалы отыр. Бұл оның папа ретіндегі 33-ші рет шетелге сапарлауы.
Рим папасының Ирак сапары орталық қала Бағдатпен шектелмейді. Ел орталығында ресми кездесулерден кейін папа Франциск Ирактың бірнеше ірі қалаларына сапарлайды. Тіпті, бір кездері өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған экстремистік топ жағынан басып алынып, халифат жарияланған Мосул қаласына да сапарламақ.
Рим папасының мақсаты Ирак пен христиан елдері арасындағы татулықты күшейту екені айтылған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі