Біріккен Араб Әмірлігі Израильге тұңғыш рет елшісін жіберді. Наурыздың алғашқы күні араб елшісі еврей елінің президентіне  сенім грамотасын табыстады. Бұл соңғы жарты ғасырдан астам уақыттағы Орта Шығыста болған сирек жағдай ретінде бағалануда.

Тел-Авивке барған Біріккен Араб Әмірлігінің елшісі Мұхаммед Махмуд әл-Хажа араб елдерінен Израильге барған алғашқы ресми елші саналды. Ол кеше Израиль премьер-министрі Беняминь Нетаняхумен және СІМ басшысы Ғаби Ашкеназимен кездесті.

Бірқатар араб елдері мен Израиль арасында «ресми қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру» процесі былтыр АҚШ-тың ара ағайны болуымен жүзеге аса бастады. Құрама Штатар тараптардың жоғары лауазымдыларын Ақ үйге шақырып, Израиль мен БАӘ, Кувейт, Катар қатарлы араб елдерінің қарым-қатынасын нығайту туралы келіссөздер өткізді.

Нәтижесінде ұзақ уақыт теке-тірестегі Орта Шығыс елдері татулыққа қадам тастай бастады. Бұл сондай-ақ, Уашингтонның аймақтағы стратегиясының жаңа бағытын да көрсеткендей болды.

“The Qazaq Times”