Армения Қарулы күштерінің Бас штабы премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Әскерилердің бұл талабына оппозициялық «Отанды құтқару қозғалысы» қолдау білдіріп, өз жақтастарын Ереванның орталығында митингке шақырды.
Оппозициялық бірлестіктің хабарламасында: «Отанды құтқару қозғалысы» жоғары командалық құрамның Пашинянды отставкаға кетіру туралы өтінішін құптайды. Біз армян халқын Бостандық алаңына жиналып, қарулы күштер мен әскерлерді қолдауға шақырамыз», – делінген. Сондай-ақ, құжатта Қарулы күштер елдің қауіпсіздігі мен бірлігінің кепілі екені айтылған.
Бұл жағдайға Бас штаб басшысының бірінші орынбасарының қызметінен босатылуы себеп. Премьер-министр Пашинянның жоғары лауазымды қызметкерді орнынан кетіру туралы ұсынысыны Армения президенті Армен Саркисан мақұлдаған. Енді осыған байланысты қарулы күштер Никол Пашинянмен қоса үкіметтің де отставкаға кетуін талап етті. Бірақ биліктен халыққа қарсы күш қолданбауын сұрап отыр.
Ал премьер-министр әскерилер осылайша төңкеріс жасамақ болды деп санайды. Бүгін Никол Пашинян да өз жақтастарын Республика алаңына шығуға шақырды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел