18 ақпанда Атырау қаласының №2 соты белсенді Макс Боқаевқа үш жылға әкімшілік қадағалау орнату бойынша төрт шектеу қойды. 2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталып, 4 ақпанда қамаудан шыққан Боқаевты қадағалауды Атырау қаласы полиция департаменті ұсынған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Бұл – Боқаевқа қойылған екінші әкімшілік шектеу. Бұған дейін Атыраудағы сот Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өтініші бойынша Боқаевқа үш жыл әкімшілік қадағалау тағайындаған. Белсенді бұл шектеуге апелляциялық шағым түсіргенімен, Атырау облыстық соты қанағаттандырмады.
Атырау қаласы полиция департаменті соттан Боқаевқа жеті шектеу қоюды сұраған еді. Олар “Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы” заңға сүйеніп, арызданған. Судья Дәуренбек Даумов департаменттің төрт ұсынысын қанағаттандырды.
Сот шешіміне сай. Боқаевқа үш жылға мынандай шектеулер қойылды:
- Әкімшілік бақылау жүргізетін полиция басшылығының жазбаша рұқсатынсыз жеке не шаруаларымен Атырау қаласынан шығуға тыйым салынды;
- Жұмыс күндері түнгі оннан таңғы алтыға дейін және мереке мен демалыс күндері жұмысқа қатысты міндеттемесінен бөлек тұрғылықты жерінен шығуына тыйым салынды;
- Көшелерде, алаңдарда, бақтар мен скверлерде, көңіл көтеретін нысандарда және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мен пікір білдіруге тыйым салынды;
Әкімшілік бақылау мерзімі ішінде полиция органдары бекіткен уақытта тіркелу үшін Атырау қалалық полиция басқармасына айына бір рет белгіленуі тиіс.
Сот “ата-анасы не заңды өкілінің рұқсатынсыз жасөспірімдермен араласуына, олармен телефон не басқа тәсілмен хабарласуына болмайды” және “ішімдік ішуге, есірткі, психотроп заттарды қолдануға тыйым салу” деген екі шектеуді қолдамады.
Бұған қоса, сот полицияның “Боқаев айына полицияға үш рет келіп белгіленуі тиіс” деген ұсынысына “айына бір рет келіп тіркелсе жеткілікті” деп тапты. Сот шешімі күшіне енген жоқ, қос тараптың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар. Ал Қылмыстық кодекстің 431-бабында әкімшілік қадағалауды бұзғандарға бір жыл бас бостандығынан айыру я шектеу жазасы қарастырылған.
Боқаев сотта жазаны өтеп шыққанын, бұл шектеулердің негізсіз екенін айтты. Белсенді Азаттыққа адвокаты Жанар Сүндетқалиевамен ақылдасып, аппеляциялық шағым түсіретінін, алдағы уақытта БҰҰ Адам құқығы комитетіне де шағымданатынын жеткізді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес