АҚШ Cенаты бұрынғы президент Дональд Трамп импичментін қолдамады. Бұл іс бойынша 43 сенатор импичментті қолдап дауыс берсе, 57-сі қарсы шықты. Осылайша, Дональд Трамп алдағы сайлауларға қатысып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын сақтап қалды
Америкада импичмент жариялау тәртібі бойынша, іс алдымен Конгрестің Өкілдер палатасында қаралады. Егер бұл палата көпшілік дауыспен президентке импичмен жарияласа, іс жоғарғы палата саналатын сенатқа өтеді.
Бұрынғы президентке айыптауды Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси таңдаған конгресстің тоғыз демократы ұсынған. 25 қаңтарда олар Сенатқа айыптау құжатын ресми түрде тапсырған. Сенат Трампты ақтап шықққаннан кейін спикер Нэнси Пелоси: «Біз бүгін Сенат қабырғасында бір топ республикашылдың батыл әрекет ете алмағанын көрдік. Олар өздерінің жұмысы мен қызмет етіп жүрген институтын қорғаудан қорықты», – деп мәлімдеді.
Дональд Трампқа тағылған айып 6 қаңтар күнгі Капитолийдегі оқиғаға байланысты тағылған. Заң шығарушылардың пікірінше, Трамп сайлау нәтижелерін мойындамағаны үшін және Капитолийдегі бүлік үшін жауапқа тартылуы тиіс.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті