AsiaCredit Bank-тің банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге арналған лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Банк пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзу; арнайы бекітілген шараларды орындамау; қосымша капиталдандыру жөніндегі уәкілетті органның талаптарын орындамады деген айыптар тағылған.
Қазір банкке уақытша әкімшілік тағайындалып, оған барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшіліктің басшысы ретінде Қаржы нарығын реттеу агенттігінің қызметкері Ерлан Сәрсенбекұлы тағайындалды.
12 ақпаннан бастап AsiaCredit Bank-тің барлық операциялары тоқтатылды. Ресми хабарламада: «Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының мерзімі 2020 жылы 25 желтоқсанда аяқталды. Банк пен оның акционері қабылдаған шаралар банктің қаржылық жағдайын тұрақтандырған жоқ. Банк пруденциалдық нормативтерді бұзды және банк клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамады. Банктің қосымша провизияларын қалыптастыру үшін қажетті меншікті капиталдың тапшылығы 19 млрд теңге», – делінген.
AsiaCredit Bank өтімді активтерінің мөлшері 75 млн теңге, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдердің мөлшері 8 млрд теңгеден асады.
1 ақпандағы жағдай бойынша AsiaCredit Bank-те жиынтық қалдығы шамамен 19 млрд теңге болатын 23 174 жеке тұлғаның депозиттер бар. Салымшылардың, банктің жеке тұлғаларының 97,7% депозиттері «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігімен толық көлемде жабылады.
2019 жылдың шілдесінен бастап Банк бизнесмен Орифджон Шодиевке өтті. Кәсіпкерге «Capital Bank» те тиесілі. Қаржы институттары бірікпек болды, бірақ бұл жоспарлар орындалмады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді