Енді ол Марс орбитасында айналып жүріп арабтарға зерттеу нәтижелерін жіберіп отырмақ. Бұл арабтардың Марсқа аттаған алғашқы табысты қадамы саналуда.
Бұл жаңалық БАӘ-ін Марсты зерттеуде табысты қадам жасаған алғашқы бес елдің біріне айналдырды. Сондай-ақ, ел тарихындағы және тұтас Орта Шығыстан Марс орбитасына кірген алғашқы ел болып қалды. Бұған дейін Кеңес одағы (кейін Ресей), АҚШ, Үндістан және ЕО ғана қызыл жұлдызды зерттеуде ілгері қадамдар жасап келген. Қазыр Жапония мен Қытай да Марсқа ғарыш аппаратын жіберу жобаларын дамытып жатыр.
Біріккен Араб Әмірлігі ұшырған ғарыш аппаратының көлемі жол таңдамайтын автокөліктің көлеміндей-ақ. Бірақ, соның өзі Марстан құнды ақпараттар жолдай алады. Ғарыш жобасында ол аппараттын қайта Жерге оралту көзделмеген, тек қызыл жұлдыз оны өз орбитасынан теуіп тастағанша айналып жүре бермек. Оның басты міндеті Марс атмосферасынан оттегі мен су тегін іздейді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау