Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталды. Жиынға президент Садыр Жапаров та қатысты. Парламент «Республика – Ата Журт» фракциясы ұсынған Улукбек Мариповты премьер-министр қызметіне бекітті.
Марипов 2016 жылдан бері есеп палатасын басқарған. Оған дейін президент аппараты жетекшісінің бірінші орынбасары болған.
Жаңа билік министрлік, комитет пен агенттіктердің санын 48-ден 12-ге дейін қысқарылды. Қазір министрлер кабинетінің 16 мүшесі бар.
Жаңа қырғыз үкіметінің құрамы:
- Улукбек Марипов – премьер-министр;
- Артем Новиков – бірінші вице-премьер;
- Улукбек Кармышаков – экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер;
- Жениш Асанкулов – үкімет аппаратының жетекшісі;
- Таалайбек Омуралиев – қорғаныс министрі;
- Руслан Казакбаев – сыртқы істер министрі;
- Асель Чынбаева – әділет министрі;
- Алымкадыр Бейшеналиев – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
- Алмазбек Бейшеналиев – білім және ғылым министрі;
- Кайрат Иманалиев – мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі;
- Бообек Ажикеев – төтенше жағдай министрі;
- Улан Ниязбеков – ішкі істер министрі;
- Гулмира Абдралиева – көлік, сәулет және коммуникация министрі;
- Кубанычбек Турдубаев- энергетика және өнеркәсіп министрі;
- Аскарбек Жаныбеков – ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және аймақтарды дамыту министрі;
- Камчыбек Ташиев – ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
Биыл 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы мен референдум өтті. Сол күні азаматтар президенттік басқару формасын таңдады. Мемлекет басшысы лауазымына 17 үміткер болды. ОСК ақпарат бойынша, деректерді өңдегеннен кейін Садыр Жапаров учаскелердің 79%-дан астам дауыс жинады. Сайлаушылардың 80%-дан астамы президенттік басқаруды қолдады.