Соңғы кездері өндірісте көптеген қаржы қарапайым қозғалтқыштарға қарағанда электр энергиясымен жұмыс жасайтын құрылғыларға бөлініп жатыр. Электрлі қозғалтқышпен жұмыс жасайтын көліктермен қатар ұшақтардың да бар екендігі белгілі. Жақын арада Siemens компаниясы құрастырған Extra 330LE ұшақтарының прототиптері тестілеу сынағы барысында осы топқа жататын ұшатын аппараттар арасында жылдамдығы бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Сонымен қатар, электрлі ұшақ әлемде тұңғыш рет белгіленген биіктікке дейін көтеріліп, арнайы маневрларды орындаған болатын.

Фото: қозғалтқышпен жұмыс жасайтын ең жылдам ұшақтар
Фото: hi-news.ru

Extra 330LE қозғалтқыштары небәрі 50 кг салмақпен қуаттын 260 кВт-қа дейін арттыра алады. Ал жалпы ұшақтың салмағы 1 тоннадан артық емес. Ұшақ электрлі қозғалтқышпен 3 шақырымды ұшып өтіп, жылдамдығын сағатына 337,5 шақырымға дейін арттырған.
“The Qazaq Times”


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады