Байден әкімшілігі үкімет құрамын енді ғана жасақтап, қызметке жаңадан кірісіп жатыр. Соған қарамастан Ушингтон өзінің дәстүрлі мінезін танытып,  ең алдымен Еуропалық одақтастарымен қысқа-нұсқа сөйлесіп, келісімдерді пысықтап шыға салды да, бірден Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы (ҮТМА) одақтастарын Қытайдың сын-қатеріне қарсы жұмылдыруға кірісті. Байденнің бас дипломаты болып Энтони Блинкен бекітіле салысымен Жапония және Оңтүсткі Корея СІМ басшыларына қоңырау шалды.

АҚШ-тың даңа мемлекеттік хатшысы мен Жапония сыртқы істер уәзірі (министрі) Тошимитсу Мотегиге Тынық мұхиттың батыс жағалауының ашықтығын, тұрақтылығын, орнықтылығы және бейбітшілігін қорғау үшін ортақ жұмыс істеуге уәделесті. Ал, Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Кан Кын-Ваға қоңырау шалғанда АҚШ-Корея қатынасы өңір тұрақтылығының басты кепілі екенін айтыпты.

Блинкен аймақтағы одақтастарының СІМ басшыларымен сөйлесіп жатқанда, яғни, 26 қаңтарда Пентагонның жаңа басшысы Остин Аустралияның қорнғаныс министрі Линди Рейнольдс ханымға қоңырау шалды. Пентагонның мәлімдемесінде екі қорғаныс министрі Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік сын-қатерлеріне ортақ жауап беруге дайын.

Министр Остин бұған дейін Жапония мен Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы сенімді одақтастық қатынастарды тағы бір рет растаған.

Байден де Еуропалық одақтастарынан тартып, Қытайдың шығысындағы одақтастарының жетекшілеріне қоңырау шалып, одақтастарымен сыртқы саясаттағы кейбір ортақ ұстанымдарды пысықтаған. Бұл әрекеттерден Байден үкіметінің Қытайға қандай ашық позиция ұстануды әлі де жіті талқылап жатқанын байқауға болады. Әрине, қазіргідей қайшылықты кезде Қытаймен қандай қарым-қатынас түрін таңдау Байден билігі үшін оңай болмайды.

Қытай лидері Ши Жинпиң (Си Цзиньпин) «Давос күн тәртібі» Дүниежүзілік экономикалық форумы кезінде АҚШ-тың бұрынғы Трамп әкімшілігін Қытайға қарсы «халықаралық тосқауыл ұйымдастырды» деп сынға алып, әрі мұндай әрекет әлемді бөліну мен қақтығысқа алып келетінін айтқан болатын.

Ақ үй баспасөз өкілі бір күн бұрын журналистерге берген жауабында «ең жақсы әділ – одақтастарымен бірге жұмыс істеу» екенін, әрі Бейжіңнің мұндай позициясы Байден билігінің Қытайға бағыттаған стратегиясын өзгерте алмайтынын айтқан.

“The Qazaq Times”