Коронавирустың британиялық штамының таралу қарқыны жоғары. Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсон барлық тұрғындар карантин ережелерін қатаң сақтауы керек деп ескертті.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, вирустың мутациялық түрін жұқтырған науқастардың арасындағы өлім-жітім 30%-ке ұлғайған. Ұлыбритания қазір COVID-19-ды күнделікті жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орында тұр. Джонсон Pfizer және AstraZeneca вакциналары жаңа штамға қарсы емдеу ісінде тиімділігін дәлелдеуде деп мәлімдеді.
Борис Джонсон мәлімдемесінде: «Соңғы мәліметтер аталған екі вакцина мутацияның ескі және жаңа түрлеріне қарсы емде тиімді екенін көрсетуде. Бізде вакциналау жылдам жүріп жатыр. Қазірдің өзінде алғашы дозаны 5 миллионнан астам адам алып үлгерді. Бүгін бізге Лондон мен Британияның оңтүстік шығысында пайда болған вирустың тез тараумен қатар оның салдарынан адамдардың да жиі қайтыс болуы мүмкін», – дейді.
Англияда вирустың тарау қарқыны біршама тыйылды. Ал Солтүстік Ирландияда керісінше, вирустың жаңа штамына байланысты ауру өршіп кеткен. Шотландия мен Уэльсте коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар саны артқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы