Владимир Путин, Ильхам Әлиев және Никол Пашинян Таулы Карабақ мәселесі бойынша Мәскеуде жиын өткізді. Келіссөз бойынша уағдаластықты іске асыру үшін Ереван мен Баку тарапынан жұмыс тобы құрылмақ.
Үш жақты келіссөзде Қарабақтың дамуына қатысты бірнеше құжатқа қол қойылды. Жиында мәлімдеме жасаған Әзірбайжан президенті: «Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас реттеле бастады. 9 қарашада мақұлданған келісім қайта қаралмайды деген үміттемін», – дейді.
Былтыр 27 қыркүйекте Таулы Қарабақ үшін қақтығыс қайта басталып, мыңдаған адам қайтыс болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Екі тарап үш рет атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, бұл келісім сақталмады.
Негізінен Таулы Қарабақ ресми түрде Әзірбайжан аумағы саналады, бірақ бұл аймақта этникалық армяндар тұрады. Таулы Қарабақтағы армяндарды Ереван қолдап отыр. Әзірбайжан мен Армения Таулы Қарабақ аймағы үшін 1988 жылдан бері қақтығысып келеді. 1988-94 жылдары арасындағы соғыста 30 мыңдай адам қайтыс болды. 1994 жылы екі ел қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Сол уақыттан бері Таулы Қарабақ этникалық армяндардың бақылауында. Таулы Қарабақ аймағы 1991 жылы тәуелсіздік жариялап алған. Бірақ оларды Армениядан басқа ешбір ел мойындамады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы