№292 сайлау учаскесінің төрайымы Раушан Жұмашқызының айтуынша, сағат 19:30-дағы мәлімет бойынша 2599 сайлаушының шамамен 500-і дауыс берген.
Учаскедегі жағдайды 5 адам бақылаушы әрі байқаушы ретінде бақылап отыр. Редакция тілшісімен тілдесуден тартынып, аты-жөнін атамаған, өзін «Қоғамдық жоба» мекемесінің бақылаушысы ретінде таныстырған ер адам сайлау барысына «жақсы» деген баға береді.

Алматы қаласындағы Қазақфильм ықшам ауданында орналасқан №292 сайлау учаскесі. Фото: QT / Асан Анарбайұлы
«Сайлау тамаша өтіп жатыр. Адамдардың бәрі күні бойы келді. Қазір ғана шығар саябырсығаны. Сайлаушыларды санағанымыз жоқ. Басында санап едік, кейін шатысып қалдық. Сосын қоя салдық», – дейді ол.

Жергілікті тұрғындардың сайлауға қатысуда белсенділігі төмен. Алматы қаласындағы Қазақфильм ы/а орналасқан №292 сайлау учаскесі. Фото: QT / Асан Анарбайұлы
Орталық сайлау комиссиясы сағат 20.00-дегі мәліметіне қарағанда, Алматы қаласындағы дауыс беруге құқылы азаматтардың небәрі 30,3%-ы ғана сайлауға келген. Саяси оқиғалардың ошағы саналатын азаматтық қоғамның белсенді бөлігі шоғырланған қаланың сайлауға қатысу қарқыны өте бәсең. Осыған ұқсас жағдай аз емес. Редакция бас сұққан №377 сайлау учаскесінің төрайымы Асия Насипбайқызы «сағат 14:30-ға дейін сайлаушылар тізіміндегі 2,3 мың адамның бар-жоғы 200-ге жуығы дауыс бергені» туралы пікір білдірген.

Алматы қаласындағы №377 сайлау учаскесі. Фото: QT / Асан Анарбайұлы
ОСК республика көлемінде 63,1% сайлаушы қатысқанын айтады. Бірақ бұған күмәнмен қарайтындар бар.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел