Еуроодақ Moderna компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны мақұлдады. Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік бекіткен құжат күшіне енді.
Аталған ұйым мұндай шешімге жаңа дәрінің сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігін жіті тексергеннен соң келген. Былтыр қарашада Еурокомиссия Moderna вакцинасының 160 миллион дозасын сатып алу туралы келісім жасасқан болатын.
Бұған дейін әлемде екі вакцина клиникалық сынақтың соңғы үшінші фазасын аяқтаған. Сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар.
Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен.
Мoderna екпесінің Pfizer-ден басты айырмашылығы – екпені өте суық тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Moderna вакцинасы 2-8 градус температурада 30 күндей, ал -20 градуста алты айдай сақталады. Ал Pfizer вакцинасын сақтау үшін -70 градус температура қажет. Аталған екпенің сынағына екпесінің сынағаны 30 мыңдай адам қатысқан. Компанияның мәлімдеуінше, сынақ кезінде вакцина Covid дертінің ауыр түрінен де қорғайтыны анықталған.