ДДСҰ кезекті бюллетеніндегі дерекке қарағанда, 28 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 4 035 226 адамнан коронавирус анықталып, 46 017 адам қайтыс болған.
Коронавирустың жылдамырақ жұғатын Британ штамы алғаш өткен дүйсенбіде Ұлыбританияда тіркелгенімен, бүгінгі таңда 41 ел-аймаққа тарап үлгерді. Сондай-ақ, Оңтүстік Африка Республикасынан анықталған таңы бір 501Y.V2 вирус штамы алты елге жайылған. Бұл туралы Женевадағы ДДСҰ хабарламасында жарияланды.
Халықаралық ұйымның мәліметінше, өткен аптада 28 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында COVID-19 жұқтырған 4 035 226 науқас, 76 017 өлім жағдайы тіркелген. Жаңа кейстердің көбі Солтүстік және Оңтүстік Америка (1,9 млн), Еуропа (1,5 млн) және Оңтүстік-Шығыс Азия (208,5 мың) аймақтарына тиесілі. Ал жалпы өлім көрсеткішінің жартысына жуығы Еуропада (33 мыңдай) орын алған. 32 мыңнан астамы Америка құрлықтарына, 3,7 мыңы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жатады.
Өткен жұмада 1,3 млн науқас анықталған АҚШ апталық есепте бірінші қатарда тұр. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания (343 мың), Бразилия (252 мың), Ресей (186 мың), Үндістан (136 мың), Германия (124 мың), Италия (102 мың) елдерін көруге болады.
Сонымен қоса, өмірден өткендердің де көбі АҚШ (17 мың), Бразилия (5 мыңдай), Мексика (4,6 мың), Германия (4,5 мыңдай), Ұлыбритания (4,1 мың), Ресей (3,7 мың) елдеріне тән.
Қараша айының басынан бері дүниежүзінде коронавирустың жаңа толқыны екпін ала бастаған. Бүгінгі таңда жаппай вакцинация жүріп жатқанына қарамастан, көптеген мемлекеттерде қатаң локдаун, аймақтық деңгейде карантин, тіпті төтенше жағдай режимін енгізіліп жатыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі