АҚШ-тың Сауда министрлігі «қарулы күштермен байланысы бар» 100-ден астам шетелдік компанияға санкция енгізді. Олардың 45-і ресейлік, қалған 58-і Қытай кәсіпорындары.
Сайтта жазылғандай, тізімге енген ұйымдар – Американың халықаралық саясаттағы мүддесіне, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Санкциялық тізімде Қорғаныс министрлігі, Сыртқы барлау қызметі, Прогресс зымыран-ғарыш орталығы, Рособоронэкспорт, сондай-ақ Ростех корпорациясы, МиГ компаниялары, азаматтық ұшақтар, Біріккен авиация корпорациясы бар. Сондай-ақ, алғаш рет тізімге Росатом енгізілді.
Биыл шілдеде АҚШ Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр және өзге де мұсылмандарды қудалауға атсалысқан тағы 11 қытайлық компанияға санкция салған. Американың сауда департаменті 20 шілдеде бұл компаниялардың Шыңжаңда ұйғыр, қазақ, қырғыз, тәжік, дүнгендерді мәжбүрлеп жұмыс істетуге араласқанын айтты. Санкция салынған компаниялар мата, технология өндірумен айналысқан. Олардың арасында генетикалық талдаумен шұғылданған екі фирма да бар.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр