Германияда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға дайындық жүріп жатыр. Келесі жылдың күзіне дейін халықтың 60%-ына вирусқа қарсы екпе егу жоспарланған.
Бір апта ішінде елде азаматтарды егу орталықтары ашылған. Кельн қаласындағы сауда залдары күніне 5 мың адамды қабылдауға әзірленген.
Осыған дейін Германияда мұндай 440 орын құрылып, 10 мыңнан аса дәрігер жұмылдырылған. Соңғы уақытта мұнда кейс саны артқандықтан, билік елде шектеулерді қатаңдату туралы шешім қабылдаған.
Әлем бойынша сынақтан сәтті өткен Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесін салуды бастаған елдер қатарында Ұлыбритания, АҚШ және Канада бар. Коронавирусқа тосқауыл болу мақсатында бүгін Канадада вакцинация басталды. Вирусқа қарсы екпеге бірінші болып Ұлыбритания билігі рұқсат берді.
9 желтоқсанда Британияда Pfizer компаниясы өндірген вакцинаны алғашқы болып 90 жастағы Маргарет Кинан есімді британдық әйел қабылдады. Елдің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкоктың айтуынша, екпенің 40 миллион дозасына тапсырыс берілген.
Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен. Ал Оскфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы вакцина 70% тиімділік көрсетті.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?