Қазақстанның бас мемлекеттік санитар-дәрігері, денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов министрліктің екінші толқындағы шарықтау кезеңі қаңтар-ақпан айларында өтуі мүмкін деген болжамын бөлісті.
Оның айтуынша, қазір «эпидемиологиялық жағдай тұрақты». Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі пессимистік сценарий бойынша, дерт өршитін кез желтоқсан-қаңтар айларына тұспа-тұс келеді деп болжаған.
Бірақ «бәріміз көріп отырғандай, ахуал оптимистік бағытта жалғасып жатыр».
«Біз болжамды жағдайға байланысты, апта сайынғы дерек бойынша қарастырып отырамыз. Жағдайдың нашарлауы туралы айтсақ, яғни пессимистік сценарийдің шарықтау кезеңі алдағы жылдың қаңтар айының соңы мен ақпан айында өтеді деп болжаймын», – деп хабарлады Қиясов.
Жаздыгүні Қазақстанда індет өршіп, Үкімет «маусым-шілде қырғынына» жол беріп алған. Сол кезде қате болжам жасаған министрліктің олқылығынан медицина мамандары мен ауруханаларда орын, дәрі-дәрмек жетіспей жүздеген адам қайтыс болған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы